$ 498.34  519.72  4.85

Шассисіз қонған Bek Air ұшағы 30 метрдей жерді тұмсығымен сүзіп өткен

Bek Air әуе компаниясының басқарма басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов компанияға тиесілі ұшақтың Астана әуежайына апатты жағдайда қонуына байланысты түсініктеме берді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Ұшақтың шассиі толықтай шықпай қалған. Борт командирі ұшақты дөңгелексіз қондыруға шешім шығарған. Ол артқы дөңгелектерге салмақты салып, ұшақты сәтті қондыра білді. Бұл уақытта әуежай жолына мамандар көбік шашып тастаған болатын. Ұшақ 30 метрдей жолды тұмсығымен сүзіп өтті. Лайнерге үлкен зақым келген жоқ. Борт командирі Виктор Родин жарады, ұшақты саспай қондыра білді" дейді компания басшысы.

Оның айтуынша, оқиғаның мән-жайы анықталатын болады. Ешкім зардап шекпеген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары