Батыс Қазақстан облысында соңғы тіркелген 18 науқастың (өсім – 2,1 пайыз) барлығы да – Орал қаласының тұрғындары, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Соның ішінде бесеуі – медицина қызметкерлері.
Төрт науқас бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болған. 11 адамнан эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша, ал 3 адамнан профилактикалық мақсатта зертханалық сынама алынған.
Науқастардың бәрі де облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.
Сонымен қатар клиникалық белгілері жоқ 23 адам (3 маусымнан осы кезге дейін барлығы – 215) тіркелді.
БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінен алынған мәліметке қарағанда, өңірде сырқаттанғандар саны 863-ке жетсе, соның 451-і жазылып шықты.
Қазіргі таңда 32 адам провизорлық, 135 адам карантиндік стационарда жатса, 1556 адам үйлерінде оқшауланған.