$ 498.34  519.72  4.85

«Сот істерін қарау мейлінше кейінге шегеріледі» - Алматы облыстық соты

Сот отырыстарының тағайындалған күні мен уақыты туралы істерге қатысы бар тараптарға қосымша ақпарат жолданады.
фото: alm.sud.kz
фото: alm.sud.kz

Алматы облысының соты карантинге жабылды. Облыстық соттың facebook парақшасына жарияланған хабарламасына сәйкес, сот ғимаратына бөгде адамдардың кіруіне рұқсат жоқ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы

"Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің" Облыс аумағында карантинді шараларды күшейту туралы" 2020 жылдың 8 маусымындағы Қаулысы мен Талдықорған қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің "Алматы облыстық сотының ғимаратында карантиндік шараларды енгізу туралы" 2020 жылдың 9 маусымындағы Қаулысы, Алматы облыстық соты төрағасының 2020 жылдың 9 маусымындағы өкімі негізінде "COVID-19" короновирустық инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне байланысты: 2020 жылдың маусым айының 8-і мен 19-ы аралығында Алматы облыстық сотының ғимаратында карантиндік шаралар енгізіледі", - делінген Алматы облысы бойынша Соттар әкімшісі М.Бурашевтың мәлімдемесінде.

Оқшаулар шараларына сәйкес төмендегідей шаралар қабылданды: 

- "COVID-19" ☣️ошағында белсенді дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі;
- сот ғимаратына бөгде адамдардың кіруіне рұқсат етілмейді;
- облыстық соттың барлық қызметкерлері жетікүндік үй карантиніне оқшауланады;
- облыстық соттың жұмысы онлайн режимде қашықтықтан жұмыс жасаумен қамтамасыз етіле отырып уақытша тоқтатылады;
- сот істерін қарау мейлінше кейінгі уақытқа шегеріледі. Сот отырыстарының тағайындалған күні мен уақыты туралы істерге қатысы бар тараптарға қосымша ақпарат жолданады;
- қысқа мерзімде қаралуы тиіс іс материалдары, яғни Қылмыстық-процессуалдық кодексінің(ары қарай- ҚПК) 107-бабы негізінде қаралатын материалдар Талдықорған қалалық сотының ғимаратында судьямен қашықтықтан қаралатын болады;
- шектеу шараларының мерзімі мен режимі "COVID-19" ☢️короновирустық инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары