$ 494.87  520.65  4.91

Қорғаныс министрлігінің мөрі бар құжаттар қоқыс арасынан бір-ақ шықты (ФОТО)

Жаңа иелері құжаттарды лақтыруға мәжбүр болды.
фото:  Шасалим Шагалимовтың facebook парақшасынан
фото: Шасалим Шагалимовтың facebook парақшасынан

Экобелсенді Шасалим Шагалимов facebook парақшасында Нұр-Сұлтандағы қоқыс арасынан Қорғаныс министрлігіне тиесілі құжаттар мен әскери қызметкерлердің жеке істеріне қатысты және олардың марапаттары табылғандығы туралы жазба жариялады. Осы орайда, естіген құлақ есебін беріп, Қорғаныс министрлігі жағдайға байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Министрлік Нұр-Сұлтанда қоқыс үйіндісінен табылған ҚР ҚМ «Қолдау» РМК құжатына қатысты дерекке бей-жай қарамай, істің мән-жайын түсіндірді. Ресми мәлімдемеге сүйенсек, құжаттардың құндылығы жоқ екен. 

"Шыныменде мұндай дерек болды. 2016 жылы ауданаралық эканомикалық сотынының шешімімен (Нұр-Сұлтан) ҚР ҚМ «Қолдау» РМК – Қорғаныс министрлігінің ведомстволық бағынышты мекемесі банкрот деп танылып, белгіленген ретпен жойылды.

ҚР ҚМ «Қолдау» РМК бұрынғы кеңселерінің бірінде осы құжаттар сақталған. Жаңа иелері құжаттарды лақтыруға мәжбүр болды. Өкінішке орай, жабылған РМК-ның лауазымды тұлғалары құжаттарды белгіленген ретпен жоймай, тастап кеткен.

Табылған құпия емес сипаттағы барлық құжаттама жабылған кәсіпорынның ішкі құжаттарына жатады және Қорғаныс министрлігіне қатысы жоқ. Табылған марапатқа қатысты хабарлаймыз, бұл қоғамдық бірлестіктің белгіленбеген белгісі, ресми марапаттарға жатпайды және құндылығы жоқ.

Сонымен қатар, егер сіз осындай фактілерге куә болсаңыз, анықтау үшін бірінші кезекте тәулік бойы қызметтегі Қорғаныс министрлігіне хабарлауыңызды сұраймыз!", - делінген Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламасында

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары