Оралда сән орталығына келіп, косметикалық шаралардың салдарынан қайтыс болды деп хабарлайды Tengrinews.kz БҚО денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. Марқұм жедел-жәрдем станциясы келгенде дейін жан тапсырған.
"Дәрігерлерді "Звезда востока" деп аталатын сән орталығына сағат 12:25-те шақырған. Хабарласқан адам келушілердің бірінің жағдайы күрт нашарлап кеткенін айтыпты. Жедел жәрдем станциясы оқиға орнына небәрі 5 минуттан кейін жетіп келген. Алайда, бұл уақытта 39 жастағы әйел қайтыс болып кетіпті. Дәрігерлер сол жерде бірінші медициналық көмекті көрсеткенімен, оның өмірін аман алып қалу мүмкін болмады" дейді басқарманың баспасөз хатшысы Флюра Саматова.
Кейінірек анықталғандай, әйел қайтыс болмастан бұрын оның екі ұртына екпе егілген екен. Оған қандай препараттың егілгенін және қандай мақсатта егілгенін қазіргі таңда БҚО ІІД-нің мамандары анықтап жатыр. Ал, сұлулық орталығының басшылығы болға жайтқа байланысты қандай да бір мәлімет беруден бас тартуда.