Жаңалықтар 12.06.2020 сағат 09:20

Тоқаев Путинге құттықтау жеделхатын жолдады

Сонымен қатар Қазақстан Президенті ресейліктердің патриотизм мен бірлікке бейілдігі, Отандарына деген мақтаныш сезімі мен жарқын болашаққа деген нық сенімі Ресей мемлекетінің тұрақты дамуына және әл-ауқатының артуына кепіл болатынын атап өтті.
Тоқаев Путинге құттықтау жеделхатын жолдады
фото: akorda.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Ресей Президенті Владимир Путинді және барша ресейліктерді ұлттық мерекелері – Ресей күнімен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Ресей Федерациясы өзінің жаңа тарихында осы атаулы күнді халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жаңа сын-тегеуріндер мен қатерлерге қарсы іс-қимылдарға, әлемдік қауымдастық мүшелері арасындағы өзара тиімді және әділ ынтымақтастықты дамытуға үлкен үлес қосып отырған қуатты әрі беделді держава ретінде атап өтеді. Сіздің стратегиялық бағытыңызды қатаң ұстана отырып, Ресей мемлекеттік құрылымның сан ғасырлық дәстүрін табысты арттырып, қоғамдық өмірдің барлық саласын дәйекті түрде жаңғыртып келеді, – делінген жеделхатта.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті ресейліктердің патриотизм мен бірлікке бейілдігі, Отандарына деген мақтаныш сезімі мен жарқын болашаққа деген нық сенімі Ресей мемлекетінің тұрақты дамуына және әл-ауқатының артуына кепіл болатынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге Қазақстан мен Ресей арасындағы достық байланысты және одақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған жемісті еңбегі үшін ризашылығын білдірді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар