$ 498.34  519.72  4.85

Қарағанды облысында ас беруге барған 21 адамнан коронавирус анықталды

Облыс әкімінің айтуынша, аймақта коронавирус инфекциясының тез тарауына жергілікті тұрғындардың қауіпсіздік шарасын сақтамауы себеп болған.

Қарағанды облысы, Шет ауданында ас беруден кейін бірнеше адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Өкінішке қарай, коронавирус жұқтырғандардың көбі адам көп жиналатын отбасылық мерейтой, туған күн, ас беру кезінде анықталып жатыр. Мысалы, Шет ауданында ас беруден кейін 21 адам коронавирус жұқтырған. Олардың көбі қарт адам мен созылмалы ауруы бар адамдар", - дейді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек. 

Облыс әкімінің айтуынша, аймақта коронавирус инфекциясының тез тарауына жергілікті тұрғындардың қауіпсіздік шарасын сақтамауы себеп болған. 

"Адамдар оқшаулану, әлеуметтік қашықтық және маска тағып жүруді есте сақтамайды. Сондықтан 13 маусымнан бастап карантин режимін күшейту туралы шешім қабылданды. Оның ішінде, қоғамдық көліктің, сауда орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысы тоқтатылады", - дейді Жеңіс Қасымбек. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус