12.06.2020, 10:20

Елордадағы көпқабатты үйдің 20-қабатынан өрт шықты

Өрт оқиғасы 23 қабатты «Сенатор» тұрғын үй кешенінде болды.

Елордадағы биік үйдің 20-шы қабатынан өрт шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өрт оқиғасы 23 қабатты «Сенатор» тұрғын үй кешенінде болды.

«12 маусымда сағат 07:44-те Нұр-Сұлтан қаласының Алматы ауданында орналасқан үйдің 20-шы қабатында бес шаршы метр аумақты өрт шарпыды. Үйдегі мұздатқыш камерасы, терезенің жақтауы, балконда жатқан заттар өртенген», - делінген ҚР ІІМ ТЖК таратқан хабарламада.

Қазіргі болжам бойынша, өрттің шығуына мұздатқыштың қысқа тұйықталуы себеп болған. Өрт сағат 08:15-те толық сөндірілді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Тұрғындар үйден тысқа өздері шықты. Тілсіз жаумен күреске Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД-нің 25 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды.