$ 443.85  474.3  4.8

«Мұндайды күтпеп едім»: Тоқаевтың халыққа ант бергеніне бір жыл толды (ВИДЕОРОЛИК)

Роликті жасаушылар Тоқаев пен Назарбаевтың портреттерін қолданған.
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

12 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми түрде Қазақстан президенті лауазымына тағайындалғанына бір жыл толды. Осы орайда, Президент Телерадиокешені Тоқаевты ұлықтауға арналған видеороликті әлеуметтік желіге жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Рtrk.kz" instagram парақшасында жарияланған видеоролик Қасым-Жомарт Кемелұлының президент болуына бір жыл толуына орай жасалған. 

Роликті жасаушылар Тоқаев пен Назарбаевтың портреттерін қолданған. 1 минуттан аса уақытты қамтыған роликте мемлекет басшысының қайда оқығаны және оның  президент болып сайланғаны туралы тарихи деректер бар.

Шығармашылық ұжымның  жұмысын көрген желі қолданушылары: "Тарихи біржылдық құтты болсын!", "Мәссаған, керемет! Мұндайды күтпеп едім. Тоқаев ең жақсы президент!", "Өте ерекше!", - деп жазды. 

Естеріңізге сала кетейік, тура бір жыл бұрын Нұр-Сұлтандағы Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімі өткен болатын. Сол кезде президент Конституцияның 42-бабына сәйкес, халыққа ант берген еді

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары