Шымкентте жеңгетай мен төрт жезөкше ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Дереккөз мәліметінше, 1 маусымда Шымкент қаласы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қала аумағында женгетайлық немесе жезөкшелікпен айналысатын қыздарды анықтау мақсатында кезекті рейд ұйымдастырды.
Іс-шара барысында Республика даңғылы бойында жеңгетайлықпен айналысатын екі әйел адам жеңіл жүрісті қыздардың қызметін ер адамдарға ұдайы ұсынып, оларды Айбергенов көшесі №7а үйдің 12 пәтерде болған жезөкшелікпен айналысатын төрт қызбен кездестіргені анықталды.
"Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігімен (жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты пайдакүнемдiк мақсаттағы жеңгетайлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Бір жеңгетай және төрт жеңіл жүрісті қыздар полицияға жеткізіліп, тіркеуге алынды. Екінші жеңгетайдын жеке басын анықтауға және оны ұстауға бағытталған жедел іздестіру іс-шаралары полиция тарапынан жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.