$ 447.4  477.55  4.76

Абай шығармалары ұрпақ жүрегіне жол салды

Бұл байқауға қалалық білім бөлімі арқылы білім алатын 20 оқушы өтінім берді.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Қызылордада «Әлемнің Абайы» атты онлайн көркемсөз оқу байқауы өтті. «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы мен білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырған байқау партияның «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» жобалары аясында өткен болатын. Онлайн байқауға үйден оқытылатын 4-7 сынып оқушылары қатысты.

Бұл байқауға қалалық білім бөлімі арқылы білім алатын 20 оқушы өтінім берді. Байқаудың шарты бойынша бірінші кезеңде қатысушылар Абай өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқып, 1 минуттық бейнеролик жолдады. Екінші кезең ZOOM платформасы арқылы өтіп, балалар хакім Абайдың өмір жолы, шығармалары бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді. 

Шығармашылық байқауда бақ сынап, жеңімпаз атанған балғындарды облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова құттықтады. Байқауға қатысқан барлық оқушы арнайы алғыс хатпен марапатталды. Оған қоса сыйлық ретінде әр балаға планшет тарту етілді. Аталған байқау онлайн режимінде өткендіктен балаларға ұсынылған сыйлықтар олардың үйлеріне жеткізіліп берілді. 

Бүгінде Қызылорда облысында 1187 бала үйден оқытылады. Ал, оның 500-ге жуығы облыс орталығында тұрады. Осы орайда «Nur Otan» партиясы инклюзивті білім беру, балалар арасында кедергісіз орта құру бойынша ауқымды жұмыстарды атқарып келеді. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары