Жаңалықтар 12.06.2020 сағат 23:37

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын зауыттың құрылысы басталды

Құрылыс жұмыстарын биыл желтоқсан айында аяқтау және жыл сайын биофармацевтикалық препараттардың 60 млн дозасына дейін өндіру көзделген.
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын зауыттың құрылысы басталды
Фото: primeminister.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жамбыл облысында  Қордай ауданының Гвардейский қала үлгісіндегі кентінде ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты (ҒЗИ) жанындағы вакцина шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылысын бастап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Зауыт тиісті өндірістік тәжірибенің (GMP) халықаралық стандарты бойынша иммунобиологиялық дәрі-дәрмектер, оның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина шығаратын болады. Қазіргі таңда Қазақстан ҒЗИ-ның COVID-19-ға қарсы кандидаттық вакцинасы ДДСҰ тізіміне енгізілген және клиникаға дейінгі сынақтан сәтті өтіп жатыр.

Сондай-ақ кәсіпорында пандемиялық тұмауға, туберкулезге, бруцеллезге, нодулярлық дерматитке, ұсақ күйіс қайыратын жануарлар обасына, қой мен ешкінің контагиозды эктимасына, қой шешегіне, құтырмаға және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакциналар шығарылады.

Құрылыс жұмыстарын биыл желтоқсан айында аяқтау және жыл сайын биофармацевтикалық препараттардың 60 млн дозасына дейін өндіру көзделген.

ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ 1958 жылы КСРО-ның 6 ірі вирусологиялық институтының бірі ретінде құрылды. Штат 214 ғылыми қызметкер мен жетекші вирусолог-ғалымдардан (академиктер, докторлар және ғылым кандидаттары, PhD) құралған, қауіпті инфекциялармен жұмыс істеуге арналған 13 зертхананы қамтиды.

ҒЗИ ауыл шаруашылығына және денсаулық сақтау жүйесіне арналған вакциналар әзірлейді, иммундық-биологиялық препараттар шығарады, биологиялық қауіпсіздік қаупі саласында зерттеулер жүргізеді, қауіпті және аса қауіпті ауруларды диагностикалау бойынша тест жүйелерін әзірлейді, вирустар мен микроорганизмдердің қауіпті және аса қауіпті штаммдарының депозитарийі саналады.

Қазіргі уақытта ҒЗИ 5 зертхана базасында отандық вакциналардың 67 түрін өндірді, оның ішінде, денсаулық сақтау саласы үшін жоғары патогенді құс тұмауына қарсы (әлемде 7) және жоғары патогенді шошқа тұмауына қарсы (әлемде 6), ауыл шаруашылығы саласы үшін құс тұмауына қарсы (әлемде алғашқылардың бірі), бруцеллезге қарсы жаңа векторлық вакцина (әлемдік аналогтардан асып түседі). Осы жылы аусылға қарсы вакцина және 4 СОVID-19-ға қарсы вакцина әзірленуде.

ҒЗИ шетелге вакциналар жеткізуші ретінде Кеден одағының тізіліміне енгізілген, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше мемлекеттердің вакциналарды өндірушілер тобына кіреді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар