АҚШ-та Бостон теракті бойынша айыпталған отандасымыздың жазасын жеңілдетуге еліміздің Сыртқы істер министрлігі араласпақ, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Министрліктің ресми өкілі Нұржан Айтмаханов хабарлағандай, Нью-Иорктегі Қазақстанның консулы сот отырысына бақылаушы ретінде қатысып келеді.
«Азамат Тәжаяқовтың адвокаты шағымды 27 тамызға дейін беруі қажет. Шағым бойынша жауап болса 22-ші қыркүйекке дейін берілуге тиіс», делінген телеарна сюжетінде.
― Енді Мэттью Майерс бастаған адвокаттар алқасы апелляциялық шағым әзірлемек. Ал екі айдан соң екінші жерлесіміз Диас Қадырбаевқа қатысты сот басталауы тиіс. Бірақ оның да жазасы жеңіл болмайтын түрі бар. Өйткені лаңкеске тиесілі сөмкені студент ұсталған сәтте-ақ қоқысқа тастағанын мойындаған болатын, ― деді Н.Айтмаханов.
Қазақ студенті Бостондағы жарылысты тергеуге кедергі келтірді деп танылды. АҚШ-та Азамат Тәжияқовқа қатысты 3 аптаға созылған сот ісіне алқа билер өз үкімін айтты. Яғни, 12 алқа бидің 11-і жерлесімізді кінәлі деп тапқан.
Федералдық соттың ережесіне сәйкес, отандасымызға кесілген жаза тек 3 айдан соң ресми жарияланбақ. Дегенмен кемі 20 жыл берілуі мүмкін. Сондай-ақ, 250 мың доллар айыппұл да салынбақшы.