15.06.2020, 17:40

Қорғаныс министрі де өзін-өзі оқшаулау режиміне көшті

фото: elorda.info
Мерекелік іс-шараларға Қазақстан Қорғаныс министрі өзінің ресейлік әріптесі армия генералы Сергей Шойгудың шақыруымен барады.

Мәскеу қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шараларға қатысуға байланысты қорғаныс ведомствосының басшысы генерел-лейтенант Нұрлан Ермекбаев 2020 жылдың 11 маусымынан бастап өзін-өзі оқшаулау режиміне көшті. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мерекелік іс-шараларға Қазақстан Қорғаныс министрі өзінің ресейлік әріптесі армия генералы Сергей Шойгудың шақыруымен барады.

Өзін-өзі оқшаулау бойынша шаралар шет елдерге бару тәртібін, дәрігерлердің ұсыныстарын, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жай-күйін ескере отырып қабылданды.

Қорғаныс министрі жұмыс орнында. Бұл ретте оның қарамағындағылармен тікелей байланысы жоқ. Қорғаныс министрлігі мен қарулы күштер қызметіне басшылық ету телефон және бейнеконференцбайланысы арқылы жүзеге асырылады.

Тағы оқи отырыңыз: Біртановпен бірге жүрген Аймағамбетов пен Сапарбаев та үйде отырып жұмыс істемек

«Қашықтан жұмыс жасау режиміне көшіруі қажет» - Көлгінов

Өзін-өзі оқшаулау кезеңінде қорғаныс министрімен қажетті диагностикалық іс-шаралар жүргізіледі.

Өзін-өзі оқшаулау режимінің аяқталу күні туралы шешім ағымдағы жағдайды ескере отырып, Мәскеуден оралғаннан кейін қабылданады.