16.06.2020, 10:20

ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Фото: parlam.kz
Н.Нығматулин Өкімге қол қойды.

22 маусымда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы parlam.kz-ке сілтеме жасап.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Өкімімен Парламент Палаталарының Бірлескен отырысы Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес шақырылды.

"2020 жылы 22 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойдым. Үкіметтің және Есеп комитетінің 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі тыңдалатын болады", - деді Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматуллин өзінің Твиттердегі парақшасында.