$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте прокуратураның 36 қызметкерінен коронавирус инфекциясы анықталды

Қазіргі таңда Шымкент қалалық прокуратурасы онлайн режимде жұмыс жасап жатыр.
Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz

Шымкент қаласында прокуратураның 36 қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы әкімдікте өткен брифингте айтылды.

"Өткен жексенбіде Әл-Фараби ауданының прокуратурасында қауіпті індетті жұқтырған 14 қызметкер анықталды. Қазір олар өздерін жақсы сезінеді, үй карантиніне алынып, оқшаулануда. Бірінші күні олардан анализ алынған болатын, енді жеті күннен кейін тағы да алынады. Егер де нәтижесі теріс шықса, жұмыстарын қайта жалғастырады", – деді тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің өкілі Талғат Серманисов.

"Осылайша Шымкентте барлығы 36 прокурор коронавирус жұқтырған. Қазіргі таңда Шымкент қалалық прокуратурасы онлайн режимде жұмыс жасап жатыр", - деді  қаланың бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары