$ 447.4  477.55  4.76

Енді WhatsApp арқылы төлем сервисі қосылады (ФОТО)

Онда компанияға тиесілі қосымшаларда төлем жасау қауіпсіз әрі оңай.
Фото: Тұрар Қазанғапов
Фото: Тұрар Қазанғапов

WhatsApp мессенджерінде электрон төлем сервисі қосылды. Бірақ әзірге ол пилоттық режимде тексеріліп жатыр. Алғашқы тест Бразилия тұрғындарының арасында өтіп жатыр, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Бүгін Бразилияда WhatsApp пайдаланатын адамдар үшін төлемді қосамыз. Ақшаны жіберу және алу фотомен бөліскендей оңай болады. Сондай-ақ, біз шағын кәсіпкерге сатылымды тікелей WhatsApp арқылы жасауға көмектесеміз", - деп жазды Facebook басшысы Марк Цукерберг.

Оның айтуынша, жаңа функция үшін Facebook Pay сервисі әзірленген. Онда компанияға тиесілі қосымшаларда төлем жасау қауіпсіз әрі оңай.

"Жергілікті Banco do Brasil, Nubank, Sicredi секілді банктермен, сондай-ақ Cielo - Бразилиядағы озық төлем процессорымен жұмыс істеп жатырмыз. Бразилия - WhatsApp-тағы төлем сынақтан өтіп жатқан алғашқы ел. Жақында бұдан да көп болады", - деді Цукерберг.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Whats App