Денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаева уақытша денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың міндетін атқарады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты.
"Денсаулық сақтау министрінің міндеттерін уақытша вице-министр Лязат Ақтаева атқарады", - деді Ахметшәріп.
Айта кетейік, мұның алдында министр Біртанов айығып шыққанша оның міндетін үш вице-министр кезектесіп атқаратыны айтылған еді.
Еске салайық, өткен жексенбіде, 14 маусымда Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны анықталған еді. Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтандағы стационарда жатыр екен.
"Денсаулық сақтау министрінің жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Оған қойылған диагноз - пневмония. Қазіргі уақытта хаттамаға сай ем алып жатыр. Стационарда ем алып жатқанына қарамастан, министр коронавирус инфекциясы штабының жұмысын онлайн түрде реттеп жатыр", - деген еді Диас Ахметшәріп.