$ 448.56  478.03  4.79

«Тағы солай амалдаңыздар»: апатты үйде тұратын әке әкімшілікке наразы (ВИДЕО)

Ол маған күліп, «сіздер бұған дейін де апаттық үйде тұрдыңыздар ғой, тағы солай амалдаңыздар» деді.

Алматы облсында көмек сұрап келген көпбалалы әкені әкімдік қызметкері күлкіге айналдырған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы  azattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап.

Бес баласымен баспанасыз қалған ер адам қорланып, көзіне жас алды.

Көпшіліктен көмек сұраған тұрғынның бейне үндеуі әлеуметтік желілерге тарап кетті. Ер адам өзінің Іле ауданына қарасты КазЦИК ауылдық округінде тұратынын айтады. 13 маусым күні оның үйі өртеніп, баспананың төбесі құлап түскен. Мұнан кейін ол Өтеген батыр кентіндегі аудандық әкімдікке көмек сұрап келген. 

«Әкімнің көмекшісі шықты, аты-жөнін білмеймін. Ол маған өз ауылдық округіңе бар деді. Біз апаттық үйде тұрып жатырмыз, екі жылдан бері ешқандай шара қабылдамады деп оған жағдайды түсіндірдім. Ол маған күліп, «сіздер бұған дейін де апаттық үйде тұрдыңыздар ғой, тағы солай амалдаңыздар» деді. Ол адаммен қайта сөйлесудің қажеті болмады», - дейді көзіне жас алған ер адам.

Ер азамат әкімдіктен ақша емес, жөндеу жұмыстарын жүргізуге құрылыс материалдарын сұрамақ болған.

«Ешқандай көмек жоқ. Қарапайым адамдар олардың кеңсесіне кіре алмайды. Олар коронавирусты пайдаланып, ешкімді кіргізбейді», - дейді көпбалалы әке.

Осы оқиғадан кейін көп балалы отбасына уақытша тұратын баспана берілген. Алдағы уақытта оның өртеніп кеткен баспанасы тұтастай қайта жөнделетін болды.

«Юрий есімді ер адамға облыс әкімдігі тарапынан уақытша баспана берілді. Демеушілер арқылы олардың баспанасы алдағы уақытта қайта жөнделеді. Жаңа үйге көшкенше олар тегін пәтерде тұра береді. Ал көмек сұрап барған тұрғынмен дұрыс сөйлеспеген қызметкердің үсітнен тексеру жүргіземіз, қызметтік тексеру басталды. Көпбалалы отбасы әкімдік ұсынған пәтерге әлі көшіп барған жоқ. Мен облыс әкімінің тапсырмасымен сол мәселені толық қадағалап, шешу үшін округке бара жатырмын. Жан-жақты көмек беріледі», - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары