Бүгін Денсаулық министрлігі мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен міндетті екпеге қатысты онлайн конференция өтті. Жиынға медицина мамандары мен сарапшылар қатысты. Коференцияға қатысқан елордадағы "№ 4 қалалық емхана" педиатрия кафедрасының меңгерушісі В. Виниченко міндетті екпе мен аутизм арасында байланыс жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Strategy2050.kz-ке сілтеме жасап.
Кафедра меңгерушісі Қазақстанда міндетті екпеден бас тартатындар саны айтырлықтай көп еместігін атап өтті.
"Соңғы жылдары Қазақстанда бүкіл әлемде сияқты вакцинацияға қатысты екіұшты көзқарас қалыптасты. Кейбір ауруларға қарсы вакцинация олардың толықтай жойылуына әкелсе де, міндетті вакцинацияға егуге қарсы азаматтар саны артып келеді. Бұған вакцинация туралы қате түсініктің таралуы ықпал етіп отыр. Бүгінгі ең көп кездесетіндерін қарастырайық. Қазақстанда вакцинациядан бас тартатын адамдар көп деп айтылып жүр. Ал шын мәнісінде, мәселен, 2019 жылы 6003 бас тартқан жағдай тіркелді, бұл - 0,12%. 4841334 бала егілді. 2019 жылы Қазақстанда жарақаттан 1200 бала қайтыс боса, ал вакцинадан қайтыс болған жағдай тіркелген жоқ", - деді ол.
Сонымен қатар ол халық арасында тараған аллергиясы бар немесе түрлі неврологиялық дерттерге шалыдққан балаларға вакцина салуға болмайды деген қауесетті жоққа шығарды.
"Аллергиямен ауыратын және астматик балаларға вакцина салуға болмайды деген қауесет тарап жүр. Керісінше, аллергиясы бар балаларды басқалармен бірге вакцина егу керек. Вакцинацияны аллергия асқынбай тқрып салынуы қажет. Сонымен бірге неврологиялық аурулары бар балаларды да вакцина салуға болмайды дейді. Оларды вакцинациялау керек. Неврологиялық аурулары бар балаларға арнайы схемалар бойынша вакцинация жасалады", - деді елордалық дәрігер.
Бұдан бөлек ол вакцинация түрлі аурулардың дамуына әкеледі деген тәмсілге қатысты пікір білдірді. Соның ішінде вакцинация мен аутизм арасында ешқандай байланыс жоқ екенін айтып, ағылшын дәрігері жасаған тәжірибесіне тоқталып өтті.
"Мысалы, ағылшын докторы Уэйкфилдтің қызылшаға, паротитке және қызамыққа қарсы вакциналар аутизмді тудыратынын айтқан болатын. Дәрігер 170 баланың 12-де аутизмге байланысты мінез-құлқының және сөйлеу қабілетінің бұзылуын байқап, оған қызылша-паротитке-қызамыққа қарсы вакцина егілгеннен болды деп қорытынды жасаған. Кейінірек мұның шындыққа жанаспайтыны анықталып, қолдан жасалғаны мәлім болды. Мәселен, басылымда вакцинация салғаннан кейін бірнеше күн өткен соң балаларда аутизм белгілері пайда болды делінге. Ал шындығында, кейбіреулерде бұл белгілер бірнеше айдан кейін пайда болса, кейбіреуінде вакцинациядан бұрын пайда болғандығы анықталды. Кейінірек доктор Уэйкфилд өзінің қызығушылығы үшін зерттеуге аутизмі бар балаларды әдейі таңдап алғандығы белгілі болды. Уэйкфилдтің әрекеті заңсыз деп есептелді, сондықтан осы әрекеті үшін Ұлыбританияның негізгі медициналық кеңесі оны медициналық қызметпен біржола айналысу құқығынан айырған болатын. Қазіргі уақытта вакцинация мен аутизм арасында ешқандай байланыс жоқ", - деді ол.