Қазақстанда коронавирус індетінен 7 науқас көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
Түркістан облысы - 1945 және 1974 жылдары туған ер азаматтар, Батыс Қазақстан облысы - 1932 жылы дүниеге келген әйел және 1941 жылы туған ер адам, Қарағанды облысы - 1949 және 1939 жылдары дүниеге келген ер азаматтар, Алматы қаласы - 1965 жылы дүниеге келге ер адам.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.
Қазақстан бойынша барлығы 88 адам қайтыс болды.
Нұр-Сұлтан қаласы – 15 Алматы қаласы – 13 Шымкент қаласы – 11 Ақмола облысы – 6 Ақтөбе облысы – 1 Атырау облысы – 3 Шығыс Қазақстан облысы – 1 Жамбыл облысы – 1 Батыс Қазақстан облысы – 6 Қарағанды облысы – 9 Қостанай облысы – 2 Маңғыстау облысы – 2 Павлодар облысы – 13 Түркістан облысы – 5