$ 498.34  519.72  4.85

Нұрлан Нығматулин де коронавирус жұқтырыпты

17 маусымға жоспарланған Мәжілістің пленарлық отырысын оның орынбасары өткізеді.
фото: ortalyq.kz
фото: ortalyq.kz

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин де министрлерден қалыспай, өзін-өзі оқшаулау режиміне көшті. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Мәжіліс спикері қатаң карантиндік шараларды сақтады. Соңғы айда қашықтықтан жұмыс істеді, пленарлық отырысты есептемегенде ешкіммен жақын байланыспаған. Нұрлан Нығматулин әрбір пленарлық отырыс алдында коронавирус инфекциясына тест тапсырып келді.

Ол 9 және 11 маусымда Денсаулық сақтау министрін қабылдаған еді. Елжан Біртановтан коронавирус анықталғаннан кейін Мәжіліс спикері 16 маусымда кезекті рет тест тапсырды. Өкінішке қарай, бұл жолғы тест оң нәтиже көрсетті. Оған симптомсыз деген диагноз қойылды.

Тағы оқи отырыңыз: Бекболат Тілеухан әріптестеріне коронавирус жұқтыруы мүмкін бе?

Бекітілген протоколға сәйкес, Нұрлан Нығматулин оқшаулануға кету туралы шешім қабылдады. Қазір ол қызметін қашықтан жалғастырып жатыр.

17 маусымға жоспарланған Мәжілістің пленарлық отырысын оның орынбасары өткізеді", - ресми хабарламада.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары