$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында жасөспірімдерді суицидке бағыттаған күдікті қамауға алынды

Телефоннан суицидке бағытталған Телеграм каналдары анықталды.
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында жасөспірімдерге арналған суицидтік топтың “кураторы” ұсталды, – деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желідегі бұл топты ІІМ Криминалдық полиция және тергеу қызметкерлері интернетке мониторинг жүргізу барысында анықтаған. Министрлік және Түркістан облыстық Полиция департаменті мамандары бірлесе жедел іздеу тобын құрып, күдіктіні қолға түсірді.

«Тінту кезінде күдіктіден ноутбук, ұялы телефон, үш қорап сим-карта және басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Телефоннан суицидке бағытталған Телеграм каналдары анықталды. Қазіргі уақытта аталған жайт адам өлтіруге оқталу бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды», - делінген аталған хабарламада.

ІІМ ата-аналарды балалардың виртуалды өміріне бақылауды күшейтуге шақырады. Және шұғыл қажетті шаралар қабылданатын осыған ұқсас жайттар орын алса, тез арада полицияға хабарлауды сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#суицид