$ 498.34  519.72  4.85

«Күрделі үрдістерді «Nur Otan» сияқты саяси күштің маңайына топтасып шешуіміз керек» - саясаттанушы

Саяси ғылымдар кандидаты Ерлан Сайыров "елде әлеуметтік әділдік жоқ" деп дабыл қағады.
фото: liter.kz
фото: liter.kz

Еуразиялық интеграция институтының директоры Ерлан Сайыровтың "беделі төмендеп кеткен" Nur Otan партиясына жаны ашиды, деп хабарлайды zakon.kz.

Кезінде қылмыс жасады деген күдікпен істі болып, жақында ғана ақталды деген қағаз алып алғанын жариялаған бұл кісі енді биліктегі партияның бойына қан жүргірту қажеттігін айтты.

Nur Otan-ның адамдарына көмектесу үшін Сайыров енді "Nur Otan-ды жақтаушылар лигасы" деген жаңа қозғалыс құрып жіберді.

Сайыровтың жоспары соншалық күрделі емес: ол "күрделі үрдістердің шешімін Nur Otan партиясы сияқты нақты саяси күштің маңайына топтасып шешуіміз керек" дейді.

Саяси ғылымдар кандидаты Ерлан Сайыров "елде әлеуметтік әділдік жоқ" деп дабыл қағады. Ол енді Nur Otan партиясының алдына рухани құндылықтар мәселелерін қойып, соның шешімін талап етпек. Сайыровтың сөзінше, "осы жүйені құлатпай, мемлекеттілікті сақтай отырып, демократия жаққа қарай "жүйелі" жылжып кетуіміз керек".

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары