$ 447.4  477.55  4.76

«ҚазМұнайгаз», «Қазақстан темір жолы» мен «Эйр Астананы» жекешелендіру кейінге қалды

2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарына «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 167 активі кірді, олардың 138 активіне қатысты пункті орындалды.
фото: sputniknews.kz
фото: sputniknews.kz

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының активтерін жекешелендіру мәселесін қарады, деп хабарлайды Stan.kz, Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарына «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 167 активі кірді, олардың 138 активіне қатысты пункті орындалды. Іске асыру және тарату/қайта құру процесінде 21 компания жұмыс істейді.

«Капиталдың халықаралық нарықтарындағы жоғары құбылмалылыққа, энергия бағансыың төмендеуіне және әлемдік экономиканың баяулауына байланысты 2021–2023 жылдарға бірқатар стратегиялық активтерді бәсекелес ортаға беру мерзімдерін кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды. Олар «ҚазМұнайГаз», «Эйр Астана», «Тау» «Кен Самұрық», «Qazaq Air», «Самұрық-Энерго», «Қазақстан темір жолы» және басқалары», - делінген хабарламада.

Жақында Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма отырысы өтті. Елбасы «ҚазМұнайГаздың» қайта құрылуы туралы жариялады, ал ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтанға осы жылыту маусымында газ келетінін айтты.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары