$ 494.87  520.65  4.91

Смартфонға тыйым полицейлердің барлығына салынбаған

ҚР Президенті Əкімшілігі жетекшісінің орынбасары Марат Бекетаев жергілікті полиция қызметкерлеріне смартфон ұстауға рұқсат берілетінін айтты деп жазады Munara.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің сауалына жауап берген Марат Бекетаев:

– WhatsApp» арқылы хабарламалар алуға мүмкіндік беріледі. Жалпы, смартфон ұстауға тыйым салу туралы ережені дұрыстап оқысақ, ереже бойынша құпия құжаттар бар мекемелердің қызметкерлері туралы айтылған. Ал, учаскелік полицияның жұмыс орны аудандардың аумағында, сол себепті байланыс үшін оған смартфон керек,– деді.

Естеріңізге салайық, сәуір айының бірінен бастап еліміздегі барлық ішкі істер органдарының қызметкерлеріне және барлық мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс орнына смартфонмен келуге тыйым салынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары