$ 494.87  520.65  4.91

Челахтың отбасы Қазақстаннан көшетін болды

Арқанкергенде 15 адамды қырып тастаған қарағандылық Владислав Челахтың отбасы Ресейге көшкелі жатыр деп хабарлайды KTK телеарнасы. Олар сол елдің көші-қон бағдарламасы арқылы тарихи отандарына оралу туралы шешім қабылдапты.

Челахтың отбасы Калининградқа қоныс аударатын болды. Владиславтың анасы Светлана Ващенко әлі күнге дейін «балам жазықсыз сотталды» деп ойлайды екен. Сондықтан біздің елде тұрғысы жоқ. Өз атамекеніне оралуға рұқсат беретін құжаттарын да рәсімдеп алған. Енді Қарағандыдағы пәтерлерін сату ғана қалыпты. Ұлдарын көруге жылына 4 рет Қазақстанға келіп тұратындарын да айтады. 2012 жылы мамырдың 28-нен 29-на қараған түні Арқанкерген заставасында Челах 14 қызметтесі мен орманшыны өлтіріп, шекара бекетін өртеп кеткен болатын. Сотта кінәсі толық дәлелденген қарағандылық шекарашы өмір бойына кескен жазасын қазір Арқалық түрмесінде өтіп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары