19.06.2020, 14:20

Экс-президентке қатысты қозғалған 20 қылмыстық істің үшеуі жабылды

фото: inform.kz
Қазір оның туыстарына қатысты он іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенкоға қатысты барлығы 20 іс ашылған, оның тең жартысы бойынша тергеу жалғасуда.Бас прокурордың кеңсесі бұрынғы президентке қарсы үш істі жапты, деп хабарлады  Baq.kz, korrespondent.net-ке сілтеме жасап.

"Өткен аптада коалиция болмаған жағдайда премьер-министрді тағайындауға қатысты үш өндіріс, ОАСК-нің қызметке араласуына қатысты сот төрелігінің жоғары кеңесінің мүшелерін тағайындау қылмыс құрамының болмауына байланысты жабылды", - деген бас прокурор Ирина Венедиктова.

Айта кетейік, мәселе коалиция болмаған жағдайдағы премьер-министрді тағайындау, Киев округтік әкімшілік сотының қызметіне араласу және жоғарғы сот кеңесінің мүшелерін тағайындауға қатысты болған.

Венедиктова Порошенға қатысты  барлығы 20-ға жуық қылмыстық іс қозғалғанын атап өтті. Қазір Порошенко мен оның туыстарына қатысты он іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.