$ 494.87  520.65  4.91

ОҚО-да 5 жасар баланы ұрлап әкеткен әйел ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданындағы Састөбе ауылында 5 жасар баланы ұрлады деген күдікпен 30-дағы әйел ұсталды деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі. Оқиға 29 наурыз күні кешкі бестер шамасында орын алған.

Қылмыстың ізі суымай ашылуына жоғалған баланың анасы себеп болған. Ол үйден ойнап шығып кеткен ұлының кешігуіне алаңдап, бірден полицейлерге хабар беріпті. Әдетте ата-аналар балаларын өздігімен іздеп, біршама уақытын жоғалтып алады дейді тәртіп сақшылары.

Осылайша шұғыл іздестіру жұмыстарын қолға алған полицейлер араға бір тәулік салмай жоғалған баланы да, оны ұрлап әкеткен күдіктіні де ұстады. Куәгерлердің айтуынша, 1986 жылы туған күдікті ойын баласын "балмұздақ әперемін" деп алдап, белгісіз бағытқа қарай алып кеткен екен. Полицейлер олады көрші ауылдан тапты.

Ұсталған әйел қазіргі таңда қамауға алынып, оның үстінен "Адам ұрлау" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің неліктен мұндай қадамға барғаны да анықталып жатыр. Ұрланған баланың денсаулығына еш зиян келтірілмеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары