$ 494.87  520.65  4.91

«Коронавирусқа қарсы отандық вакцина күзде дайын болады» - министр

Кандидаттық сипаттағы бұл вакциналар әзірдің өзінде клиникаға дейінгі сынақтан сәтті өтіп жатыр.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Қазақстан ғалымдары әзірлеп жатқан коронавирусқа қарсы вакцина күзде жаппай сынақтан өткізіле бастайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп  хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы  ҚазАқпаратқа   сілтеме жасап.

«Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары 3 платформада коронавирус инфекциясына қарсы 5 түрлі кандидаттық вакцина әзірлеп жатыр. Біріншісі - инактивацияланған вакцина. Ол химиялық заттардың әсерінен бейтараптандырылған вирустарға негізделген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы инактивацияланған кандидаттық вакцинаны әзірлеу хаттамасын тексерді және 2020 жылғы 15 мамырда өз тізіміне енгізді», - дейді министр.

Сонымен қатар, екінші рекомбинантты суббірлікті вакцина. Ал үшіншісі рекомбинантты векторлық вакцина түріне жатады.

Министрдің айтуынша, кандидаттық сипаттағы бұл вакциналар клиникаға дейінгі сынақтан сәтті өтіп жатыр. «2020 жылғы 15 мамырда кандидаттық инактивацияланған вакцинаны клиникаға дейінгі сынақтан өткізу жұмыстары басталды. Алдымен тышқандарға егіліп қауіпсіздік және иммуногендігі тексерілді. Кейін 10 маусым мен 23 маусымда кандидаттық вакцинаның уыттылығы мен аллергиялық қасиеттері зерттелді. Ал маусым-шілде айларында тышқандар мен егеуқұйрықтарға қайта егіліп уыттылығы тексерілсе, күзен мен алтын түстес сириялық алақоржындарға қайта тәжірибе жасалып тағы вакцинаның бір мәрте иммуногендігі нақтыланбақ. Осыдан кейін яғни осы жылдың қыркүйек айында клиникалық зерттеулерді бастау жоспарланып отыр», - деді Асхат Аймағамбетов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары