$ 494.87  520.65  4.91

«Жұмыс істеу-нағыз тозақ»: елордалық дәрігер көз жасына ерік берді (ВИДЕО)

Мен 28 жыл жұмыс істедім, мұндай "сұмдық" көрмедім, адамдар көп өліп жатыр.
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Нұр-Сұлтан қалалық инфекция орталығы басшысының орынбасары, елорданың денсаулық сақтау басқармасының бас инфекционисі Сәуле Атығаева медициналық орталықтағы ахуалды баяндап, көз жасына ерік берді. Дәрігер отыз жылға жуық қызметінде "мұндай сұмдықты" көрмегенін айтты деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

"Хабар" сюжетінен Дәрігермен сұхбатты және ауруханада түскен кадрларды "Хабар" телеарнасы жариялады. Медицина қызметкерінің сөзінше, өзі және әріптестері бес айға жуық уақыт үйіне бармаған. Олар қаңтардың соңынан бастап үнемі жұмыста.

Атығаева орталық ашылғалы бері әрдайым тола болатынын айтып өтті. Стационарға келушілер 50 пайыздан кем болған кезі тіркелмеген.

Алайда, соңғы уақытта жағдайлары ауыр пациенттердің саны көбейген. Жансақтау бөлімі толуға жақын, көптеген пациентке оттегі қолдауын қажетсінеді. Шамамен барлығыда дерлік бір диагноз- "пневмония".

Осы орайда медицина қызметкері қарапайым халықтан өздерінің және жақындарының денсаулығына сақ болуды және жауапкершілік танытуды сұрап отыр.

"Мен 28 жыл жұмыс істедім, мұндай сұмдық көрмедім. Адамдар көп өліп жатыр. Мұның барлығы ешкім ештеңе ойламаған соң болып отыр. Көшеге шығады, қонаққа барады, бір-біріне жұқтырады. Бұл өте ауыр", - дейді ол.

"Бұл өте ауыр. 4 ай бойы осындай жағдайда жұмыс істеу-нағыз тозақ", - дейді дәрігер. Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде пневмонияға шалдыққандар саны күр өскенін, науқастарға ем жүргізетін ақ халаттылар да жетіспей жатқанын хабарлаған едік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары