$ 494.87  520.65  4.91

ҰБТ-ның алғашқы күні қалай өтті?

Ресми мәліметке сәйкес, кеше 4 222 шекті балл жинап шықты.

Ұлттық тестілеу орталығы бірінші күннің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Орталық директорының орынбасары Наужан Дидарбекованың айтуынша, кеше тестілеуге 6 186 талапкер қатысты. Ал 2020 жылғы жаңашылдықтардың бірі – ғимаратқа кіргізу кезінде талапкерден тыйым салынған заттар табылса, оны тестілеуге жібермеу болып табылады.

"Осы қағиданы ұстанып, 21 маусымда республика бойынша 73 тест тапсырушы ҰБТ-ға жіберілмеді. Сонымен қатар, 91 талапкер ҰБТ ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды. Яғни, 164 талапкердің ережеге қайшы әрекет жасағаны анықталды", - деді Дидарбекова бүгінгі онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, тәртіп бұзған барлық талапкердің нәтижесі жойылып отыр. Сонымен қатар, олар биыл тест тапсыра алмайды.

Ресми мәліметке сәйкес, кеше 4 222 шекті балл жинап шықты. Ал 1 964 талапкер шекті ұпайды жинай алмады. 39 адам 130 балдан жоғары алды. Республика бойынша 2 талапкерде жоғары температура тіркелді. Олар тестті бөлек тапсырады.

"Қазіргі кезде жергілікті аппеляциялық комиссиялар өтініштер қабылдап жатыр. Ережеге сәйкес, өтініштер 13:00-ге дейін қабылданады. Одан кейін жергілікті аппеляциялық комиссия өтініштерді қанағаттандырған жағдайда республикалық комиссияға нақты шешімді қабылдау үшін жолдайтын болады. Оның нәтижесі бүгінгі күннің соңына дейін беріледі", - деп атап көрсетті Дидарбеков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ҰБТ