Жаңалықтар 23.06.2020 сағат 01:09

Екі халықаралық әуекомпанияның сертификаттары уақытша тоқтатылды

Тиімсіз іске асырылған құқық нормаларын анықтау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар қалыптастыру арқылы заңнаманың тиімділігін бағалау және болжау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Екі халықаралық әуекомпанияның сертификаттары уақытша тоқтатылды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы заңнамасының талаптарын орындамауына байланысты Azee Air ЖШС және Sigma Airlines ЖШС әуекомпанияларының пайдаланушы сертификаттары уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Комитет мәліметінше, ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті және Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында келесі жұмыстарды жүргізді.

"Қазақстан Республикасы және ИКАО Халықаралық азаматтық авиация ұйымы заңнамасының талаптарын орындамауына байланысты Azee Air ЖШС және Sigma Airlines ЖШС әуе компанияларының пайдаланушы сертификаттары уақытша тоқтатылды.

Тиімсіз іске асырылған құқық нормаларын анықтау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар қалыптастыру арқылы заңнаманың тиімділігін бағалау және болжау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Осы мақсатта жүктерді тасымалдауға арналған әуе кемелерін тіркеуге және оларды кейін бақылауға арналған қосымша шарттар анықталды. Олар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасына енгізілген (Заңды қабылдаудың күтілетін мерзімі  2020 жылдың 4 тоқсаны)", - делінген хабарламада.

ИКАО-ға мүше мемлекеттерде ұшу қауіпсіздігін бақылау деңгейі ИКАО аудитінің нәтижелері бойынша анықталады (аудит немесе валидациялық миссия).

Алдын ала ақпарат бойынша, Қазақстанда ИКАО аудиті 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында өтеді деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Қазақстанда ұшу қауіпсіздігі саласында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасын тиімді енгізу деңгейін арттыру үшін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасының әзірленгені айтылады. (Заңды қабылдаудың күтілетін мерзімі 2021 жылдың 4 тоқсаны).

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар