Коронавирус індетінен 7 науқас көз жұмды. Нұр-Сұлтан қаласында 1967, 1956, 1962 және 1975 жылдары туған ер азаматтар, 1967 және 1951 жылы дүниеге келген әйел адамдар,
Қостанай облысында 1949 жылы туған ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.
Қазақстан бойынша барлығы 127 адам қайтыс болды.
Нұр-Сұлтан қаласы – 38
Алматы қаласы – 20
Шымкент қаласы – 13
Ақмола облысы – 8
Ақтөбе облысы – 1
Атырау облысы – 3
Шығыс Қазақстан облысы – 1
Жамбыл облысы – 1
Батыс Қазақстан облысы – 6
Қарағанды облысы – 10
Қостанай облысы – 3
Маңғыстау облысы – 2
Павлодар облысы – 13
Түркістан облысы – 8