$ 447.4  477.55  4.76

Шымкенттік дәрігерлер адам өмірін құтқаруға 5 минут кешігіп қалды

Шымкентте сүйіктісімен ренжіскен ер жігіт мойнына сым орап, үйдің шатырында өзіне қол салды деп хабарлайды Оtyrar.kz.

Жедел жәрдем қызметіне түнгі сағат бірлер шамасында куәгер хабарласып, қаладағы жер үйлердің бірінде жас жігіт өзін өлтіргелі жатқанын айтқан. Дәрігерлер дереу оқиға орнына жетіп барғанымен оны құтқарып қала алмады. 1992 жылы туған жігіт жедел жәрдем станциясы келгеннен небәрі 5 минут бұрын суицид жасаған екен.

"Біз оқиға орнына суицидтен 5 минут өткеннен кейін келдік. Үй ауласына келгенде кешіккенімізді білдік. Жас жігіттер сымға асылып тұрған марқұмды шешіп алып жатыр екен. Суицид үйдің шатырында орын алған" дейді жедел жәрдем станциясының дәрігері Марат Құрмағанбетов.

Оқиға орнына дәрігерлерден бұрын келген жігіттің достарына суицидке себеп болған бойжеткен хабарласқан екен. Алайда, олар да өздерінің небәрі бірнеше минутқа кешігіп қалғандарын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары