$ 498.34  519.72  4.85

Астанадағы "Абу-Даби Плаза" тағы да өртенді

Астанада салынып жатқан "Абу-Даби Плаза" кешені осымен үшінші рет өртеніп отыр. Бұл жолы алау жерасты қабаттардың бірінде тұтанған деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

Өрт туралы хабарлама Астана уақытымен түнгі сағат 00:43-те келіп түскен. Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер жер астындағы -2-ші қабатта минералды мақтаның (жылытқыш) жанып жатқанын анықтады. Қызыл жалын 50 шаршы метр аумақта шарпыған.

Мамандар шамамен жарты сағат уақыт ішінде тілсіз жауды ауыздықтаса, сағат 03:25-те өрт толық сөндірілді. Оқиға орнында 41 өрт сөндіруші мен 10 техника жұмыс істеген.

Естеріңізге салайық, жыл басынан бері аталған кешен бұған дейін тағы екі рет өртенген болатын. Алғашында биік мұнаралардың бірі отқа оранса, екінші рет жер астындағы қабаттан өрт шықты. Екі жағдайда да зардап шеккендер болған жоқ. Дегенмен, материалдық шығын келтірілді.

"Абу-Даби Плаза" Қазақстанның БАӘ-мен бірлесе салып жатқан жобасы. Ғимарат Орталық Азияда теңдесі жоқ ең биік кешен болады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары