$ 494.87  520.65  4.91

Өскеменнің бұрынғы әкімі пара алғаны үшін сотталды

Өскеменнің бұрынғы әкімі Манарбек Сапарғалиев пара алғаны үшін үш жылға бас бостандығынан айрылды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ол соңғы уақытта "Ертіс" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясын басқарған болатын. Қылмысты да сол қызметте отырған кезде жасаған. Өскеменнен өзге М.Сапарғалиев Риддер қаласы мен ШҚО Қаржы басқармасын да басқарғаны белгілі.

Қаржы полицейлеріне "Жәрдем" базарының иесі арызданған. Ол өз басшысы Манарбек Сапарғалиевке ай сайын 2 мың доллар "сыйақы" беріп отырғанын айтыпты. Бермеген жағдайда түрлі қысымдар көрсетеді дейді ол. Соңғы кездесуге базар басшысын мамандар аудио-және бейнежазба қондырғысымен жарақтандырып жіберген. Екеуара болған әңгіме таспаға жазылып, Сапарғалиевтің пара алғаны дәлелденді. Ақшаны экс-әкім жүргізушісі арқылы алып отырған.

Енді алдғаы үш жылын Манарбек Сапарғалиев жалпы режимдегі түзеу колониясында өткізеді. Дүние-мүлкі де тәркіленбек. Сондай-ақ, өмірінің соңына дейін оған мемлекеттік қызметке араласуға тыйым салынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары