$ 443.85  474.3  4.8

ҰБТ-ның үшінші күні қалай өтті?

Әзірше, 138 балл жинаған баладан ешкім аспады.
Фото: sputnik
Фото: sputnik

Ұлттық тестілеу орталығы үшінші күннің қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, 23 маусым күні республика бойынша 11 247 талапкер ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Олардың ішінде 7643 адам (68 проценті) шекті балды жинап шықты. 251 талапкерді тыйым салынған заттар үшін тестке кіргізбеді. 

Бұдан бөлек, 38 түлекте температура тіркелді. Енді, олар ұлттық тестілеудің бөлек тапсырады. Ал 130 ұпайдан жоғары жинағандардың саны 12 адамға жетті. Бірақ олардың ішінде ҰБТ-ның бірінші күні 138 балл алған Абзал Әбдіманаптан асқан ешкім жоқ. 

"Әзірше, 138 балл жинаған баладан ешкім аспады", - дейді орталық мамандары.

Айта кетейік, бірінші күні Түркістан облысының Ордабасына ауданына қарайтын Теспе орта мектебінің түлегі Абзал Әбдіманап 138 бал жинаған болатын. Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген талапкер тестке қалай дайындалғанын және сұрақтарға қандай әдіспен жауап бергенін айтып берді.

Ал ұлттық тестілеу орталығы тыйым салынған заттармен ұсталған талапкерлерге қатысты жақсы жаңалық жариялаған. Олар жылдың соңына дейін ҰБТ-ға қатыса алмайды. Бірақ биыл қаңтарда өткен тестің нәтижесімен ақылы бөлімге құжат тапсырса болады. Ол үшін ақылы бөлімнің шекті ұпайы болуы шарт. 

Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Наужан Дидарбекованың айтуынша, 25 тамызға дейін арнайы бағдарламаның көмегімен барлық бейнежазбаға талдау жасалады. Егер тест тапсырушының тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, онда оның нәтижесі жойылады, сәйкесінше гранттың нәтижесі де жойылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ҰБТ