$ 447.4  477.55  4.76

Қостанай облысының әкімінен коронавируc расталды

Осыған байланысты мен оқшаулануға кетемін және жұмысымды қашықтан жалғастырамын.
Фото: kstnews.kz
Фото: kstnews.kz

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

"Құрметті қостанайлықтар! Барлық сақтық шараларын сақтағаныма қарамастан, менің COVID-19-ға тапсырған сынағым оң нәтиже көрсетті. Осыған байланысты мен оқшаулануға кетемін және жұмысымды қашықтан жалғастырамын. Облыс тұрғындарынан барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймын.

Тағы да жерлестерімізді аймақ аумағында енгізілетін шектеу шараларын сақтауға зор жауапкершілікпен қарауға шақырамын. Баршаңызға зор денсаулық және амандық тілеймін! Өзіңізді күтіңіз!", - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары