Қазақстандық әуе компаниялары өз рейстеріне алдын ала билет сатып алған жолаушыларға қаражатын қайтара алмай жатыр, деп хабарлады, «Хабар 24».
Бұл туралы сала өкілдері авиация жөніндегі қосалқы комитеттің онлайн отырысында айтқан.
Жалпы, карантин режимінің енгізілуі, әуе компаниялар мен әуежайларға, айтарлықтай нұқсан келтірді. Көптеген рейстің жабылуына байланысты, ұшақтардың 70 пайызы ұшпай тұр. Қызметкерлер, еңбек демалысына жіберілді. Сондай-ақ, керосин бағасының тым жоғары болуы да компанияларды шығынға батырып жатыр. Ал әуежайлар, өз тарифтерін төмендетуден бас тартуда. Банктер болса, бұған дейін берілген несие төлемдерін кейінге шегеруге келіспейді.
Айта кетсек, әуежайлардың да, жағдайы мүшкіл. Рейс саны қысқарғандықтан, олар табысының басым бөлігінен айырылды. Осы орайда қос тарап, арнайы қолдау шаралар тізімін әзірлеп, Үкімет қарауына жібермек. Олар арзан несие алудан үмітті.