25.06.2020, 11:00

Нұр-Сұлтанда дәрі лимитпен берілуі мүмкін (ВИДЕО)

Сондай-ақ ол коронавирусқа қарсы ұсынылып жатқан перепараттар тапшы екенін жасырмады.

Елорда дәріханаларында препараттарды сатуға лимит қойылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы елорданың фармацевтика қауымдастығының директоры Гүлнарай Әлмурзина мәлімдеді. Сондай-ақ ол коронавирусқа қарсы ұсынылып жатқан перепараттар тапшы екенін жасырмады. Бұған өткен аптада халық вирусқа қарсы дәрілерді белсенді түрде сатып алуы себеп деді.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен дәріхана желілері басшыларымен онлайн-кездесуде аталған кемшілікті жоюға тапсырма берді. Енді дәріханалар тек антибиотиктерді рецепт бойынша, дәрі-дәрмек бұрынғыдай дәрігердің нұсқауымен ғана сатып ала алады. 

"Қалада тұрғындарға қажетті барлық дәрі-дәрмек болуы керек. Дәрі-дәрмектің негізгі ассортиментінің болуын бақылау қажет. Дәріханаларға дәріні уақтылы және жеткілікті мөлшерде сатып алу керек", - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Макен.