$ 447.4  477.55  4.76

Amazon сайты Қазақстан туы бейнеленген дәретхана төсеніштерін сатып жатыр

Дүние жүзі бойынша электрондық коммерция және кірістер мен нарықты капиталдандыру үшін ең ірі компания.
Фото: oinet.kz
Фото: oinet.kz

Amazon сайты Қазақстанның ұлттық рәміздері бейнеленген дәретхана төсеніштері мен ит киімдерін сатып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Oinet.kz-ке сілтеме жасап.

Amazon сайтында Қазақстан туы бейнеленген монша төсеніштері, ванна төсеніштері, ванна перделері, ит киімдері және сүлгілерді сатып жатыр. Сонымен қатар, монша төсеніштерінің бірінде Қазақстан туы және көрші Қырғызстанның туы бейнеленген. Олардың бағасы 10,90 доллар. Жағажай сүлгілері 26,98 доллар тұрады. Иттерге арналған киім - 11,80 долларға бағаланған.

"Amazon - америкалық компания. Дүние жүзі бойынша электрондық коммерция және кірістер мен нарықты капиталдандыру үшін ең ірі компания екенін ескере отырып, біз бұл мәселені өз құзыреті шегінде шешу үшін Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы істер органдарына жолдау орынды деп санаймыз", - деді Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің тіл саясаты комитеті.

Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 327-бабына сәйкес, заң бұзушыға 2000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе екі жылға дейін бас бостандығын шектейді немесе дәл осы мерзімге бас бостандығынан айырылады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары