Елорда дәріханаларында препараттарды сатуға лимит қойылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.
Бұл туралы елорданың фармацевтика қауымдастығының директоры Гүлнарай Әлмурзина мәлімдеді. Сондай-ақ ол коронавирусқа қарсы ұсынылып жатқан перепараттар тапшы екенін жасырмады. Бұған өткен аптада халық вирусқа қарсы дәрілерді белсенді түрде сатып алуы себеп деді.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен дәріхана желілері басшыларымен онлайн-кездесуде аталған кемшілікті жоюға тапсырма берді. Енді дәріханалар тек антибиотиктерді рецепт бойынша, дәрі-дәрмек бұрынғыдай дәрігердің нұсқауымен ғана сатып ала алады.
"Қалада тұрғындарға қажетті барлық дәрі-дәрмек болуы керек. Дәрі-дәрмектің негізгі ассортиментінің болуын бақылау қажет. Дәріханаларға дәріні уақтылы және жеткілікті мөлшерде сатып алу керек", - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Макен.