$ 439.43  473.31  4.82

Көне дәуір күмбірі

Сонымен қатар, ансамбльдің сүйемелдеуімен бірге Б.Төлеубаев «Сәулем-ай» халық әнін тамылжыта жеткізді.

Ұлтымыздың ежелгі дәуірде қалыптасқан музыкасының түрлері мен жанрлары жан-жақты зерттеліп, қазақ халқының музыкалық қазынасына айналып отыр. Көне музыкалық, поэтикалық үлгілер – бабалардың даналығы, ғасырлардың өшпес үні. Осыған орай ұлттық өнерді дәріптеген «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі Алтын Орданың 750 жылдығына байланысты «Көне дәуір күмбірі» атты онлайн-концертін көпшілік назарына ұсынды. Көрерменсіз өткен концерт фейсбук әлеуметтік желісіне жүктеліп, желі оқырмандарына ерекше көңіл-күй сыйлады.

«Өнер мен мәдениеттің дәмін көріп, рахатын сезіне алған адамға бұдан артық байлық керек емес» деген аталы сөзді ұран еткен фольклорлық ансамбль концертті «Абылайханның қара жорғасы» күйімен ашты. Ансамбльге Н.Нұрбай жетекшілік жасады. Одан әрі фольклорлық ансамбльдің сүйемелдеуімен Э.Қалқожаева халық әні «Айқаракөзді», әнші Б.Қарғабаев «Самал тау» әнін орындады.

Ансамбль мүшелерінің орындауындағы «Ел айырылған», К.Ердібайтегінің «Хан ұраны – Қабанбай» және Дина Нұрпейісованың «Әсем қоңыр», М.Бердіғұловтың «Ақ сауыт» күйлерінің тыңдаушыға қазақ даласының дархандығын, бабалардың жүріп өткен сүрлеулерін елестетері анық. Сонымен қатар, ансамбльдің сүйемелдеуімен бірге Б.Төлеубаев «Сәулем-ай» халық әнін тамылжыта жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#дәуір