$ 446.49  475.38  4.79

«Абай» қойылымы онлайн форматта көрсетілді

«Абай» трагедиясында Абай Құнанбайұлының алпысқа қараған шағындағы өмірі көрсетіледі.

Қоғам үшін мәдени ошақтардың, соның ішінде театрдың алатын орны ерекше. Рухани әлемімізді байытатын қойылымдардың ішкі дүниеміздің бір серпілтіп тастайтыны бар. Бірақ, қазіргі әлемдегі пандемия жағдайында мәдениет орындарының жұмысы уақытша тоқтауға мәжбүр. Дегенмен, заманауи технологиялар дамыған кезеңде өзімізге қажетті дүниенің барлығын ғаламтор арқылы тамашалауға болатынын білеміз. Осы орайда Сыр жұртшылығына рухани азық сыйлап келе жатқан Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының әртістері «Абай» қойылымын көпшілік назарына ұсынды.

Ерсайын Төлеубайдың «Абай» трагедиясы «Сыр шаңырағы» YouTube каналында және Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының және Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының желі парақшасында жарияланды. Жыл басында театрдың 65-ші маусымының шымылдығы осы спектакльмен ашылған болатын. Әрі бұл қойылым ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай сахналанды.

«Абай» трагедиясында Абай Құнанбайұлының алпысқа қараған шағындағы өмірі көрсетіледі. Балаларының қазасы, іштегі мұң мен шер, ауыр ойларды арқалаған Абай бейнесі бұл көріністе өте әсерлі суреттеледі. Хакім Абай жайлы басқа қойылымдардан бұл спектакльдің ерекшелігі де осы болса керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары