$ 494.87  520.65  4.91

«Адамға қауіпті аурулардың табиғи ошағы»: Ақтөбеде аспаннан ұлу жауып жатыр (ВИДЕО)

Еске сала кетсек, 7 маусым күні Түркістан облысының біраз елді мекеніне де қара ұлулардың қаптап кеткені жазылған.

Қазір әлеуметтік желілер арқылы әлдебір су жағасында өріп жүрген ұлулардың видеосы тарай бастады. Сонымен қатар жазылған аудиожазбаға қарағанда, олар Ақтөбеде жаңбырмен қоса аспаннан түсіп жатқан көрінеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жаңбырлы күні видеоны түсіріп тұрған адамның айтуынша, өңірде одан бұрын жауынқұрт пен бақа жауған екен. Ал қазір ұлудың көптігі сондай, оларды жұрт үстінен таптап жүр.

Еске сала кетсек, 7 маусым күні Түркістан облысының біраз елді мекеніне де қара ұлулардың қаптап кеткені жазылған. Олар Леңгір қаласына қарасты Төле би ауданында пайда болған.

Сондай-ақ, қарағандылық журналист Мұрат Мусин 2014 жылы Қарағанды облысында осындай жағдай болғанын айтады. Онда да жауын-шашын көп жауғасын, қала көшелерін ұлу басып кеткен.

«Түсініктеме берген мамандар ұлулар адамға қауіпті аурулардың табиғи ошағы болып табылатынын еске салды», – дейді әріптесіміз.

Олар әлемдегі ең қауіпті жануар-жәндіктердің бірі ретінде жыл сайын 10 мың адамға дейін өлтіреді екен. Бұл ретте, ұсақ ұлу жаятын шистосомоз секілді дерттің мыңдаған өмірді қиятыны анықталған. Кейбір түрінің 30 емес, 30 мың ұсақ тісі бар екені мәлім.

Белгілі зоолог ғалым Андрей Гранович әзірге ұлулармен күресудің тиімді тәсілі табылмағанын жеткізді. Оның айтуынша, ұлулар ауыл шаруашылығына да зиян келтіреді. Жеміс-көкөністерді жалмап, үйге кірсе терезедегі декоративті өсімдіктерге қырғидай тиетін көрінеді. Бір күнде өз салмағынан 20 пайызға артық көлемде өсімдік жеуі мүмкін екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары