$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында жайылып кеткен ешкілер Нұр-Сұлтаннан бір-ақ шығыпты

Жоғалған 34 асыл тұқымды жануардың жалпы құны 9 миллион 750 мың теңге тұрады екен. Оларды полиция бірнеше сағаттың ішінде тапқан.

Кеше Ақмола облысының полицейлері жергілікті тұрғынның жоғалған ешкілерін тауып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоғалған 34 асыл тұқымды жануардың жалпы құны 9 миллион 750 мың теңге тұрады екен. Оларды полиция бірнеше сағаттың ішінде елордаға жақын жерден тапқан.

«Осы жылдың 23 маусымында Целиноград аудандық полиция бөліміне Нұр-Сұлтан қаласының 36 жастағы тұрғыны ағылшын-нубиялық тұқымды 34 бас ешкісінің жазғы қоршаудан жоғалып кеткенін хабарлап, арыз берді. Шығын сомасын жәбірленуші 9 миллион 750 мың теңгеге бағалады.

Тәртіп сақшылары аталған факт бойынша бірден Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 1-тармағымен («Мал ұрлығы») қылмыстық іс қозғады. Іздестіру шараларын өткізу үшін полиция екі топқа бөлініп, қылмыскерді анықтауға кірісті.

Жоғалған малды іздеуге иісшіл ит Графтың көмегі тиді. Ол полицейлерді елорда бағытындағы егіс даласына апарған. Арада аздаған сағат уақыт өткенде ешкілер Нұр-Сұлтан қаласының іргесінен табылып, иесіне қайтарылды», – деді Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсем Әбдірахманова.

Қазіргі уақытта ұрлық дерегі бойынша қозғалған іс құрамында қылмыстық белгілер болмағандықтан тоқтатылған. Полиция тұрғындарды көп жағдайда иелерінің малды бағуда ұқыпсыздығының салдарынан барымташылардың жеңіл олжасына айналатынын, сондықтан аса сақ болуын сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары