$ 494.87  520.65  4.91

Сенат депутаттарының сайлауына 255 миллион теңге бөлінетін болды

Әр кандидатқа 450 мың теңгеден бөлінген.
Фото: sputnik
Фото: sputnik

Алдағы уақытта өтетін Сенат депутаттарының сайлауына республикалық бюджеттен 255 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Қазақстан арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы орталық сайлау комиссиясында өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Қаржы сайлау комиссиясының қызметін ұйымдастыруға, мәслихат депутаттарының іссапары және көлік шығындарына, БАҚ-та ақпарат жариялауға жұмсалады.

Әр кандидатқа 450 мың теңгеден бөлінген. Айта кетейік, бүгінде Парламент сенаты депутаттығына 88 кандидат тіркелген. 1 орынға 5 адамнан келіп тұр. Ал сайлау 12 тамызға белгіленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары