$ 443.85  474.3  4.8

Президент Ұлттық банк төрағасының жаңа орынбасарын тағайындады

Ол "Құрмет" орденімен және "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.
фото: kazakh-tv.kz
фото: kazakh-tv.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Данияр Валерьевич Вагапов Қазақстан Республикасы ұлттық банкі төрағасының орынбасары болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Мемлекет Басшысының Өкімімен Данияр Валерьевич Вагапов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды", - делінген Ақорданың ресми хабарламасында

Естеріңізге сала кетейік, Данияр Валерьевич Вагапов бұған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. Енді жаңа қызметке тағайындалуына байланысты президенттің Өкімімен бұл қызметтен босатылды.

Данияр Вагапов - Қазақ мемлекеттік заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеген, мемлекеттік жұмыс бойынша тәжірибесі бар.

Ол "Құрмет" орденімен және "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары