$ 494.87  520.65  4.91

«Қоқан-лоққы көрсетті»: Денсаулық сақтау министрлігі желіде тараған шулы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

Министрлік жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігін ескертті.
фото: informburo.kz
фото: informburo.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жаңа министр селекторлық жиналыс өткізіп, "бас дәрігерлер мен басқарма жетекшілеріне қоқан-лоққы көрсетті" деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы министрліктің facebook парақшасында арнайы жазба жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Министрліктің желідегі хабарламасына көзжүгіртсек, "Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде және WhatsApp мессенджерінде жаңа денсаулық сақтау министрі жиналыс өткізгені туралы ақпарат тарап жатыр. Онда ол "әлеуметтік желілердегі теріс пікірі үшін бас дәрігерлер мен басқарма басшыларын жұмыстан шығарамыз" деп қорқытқан делінген.

Денсаулық министрлігі ресми түрде бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Құрметті азаматтар, сіздерден әлеуметтік желілердегі жалған жазбаларға емес, тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз", - деп жазылған ДСМ-нің хабарламасында.

Бұған қоса, министрлік жалған ақпарат таратқандар ҚР ҚК 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігін ескертті.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі болған Елжан Біртанов өз еркімен лауазымын босатты, оның орнына Алексей Цой министр қызметіне тағайындалды. Ол жаңа қызметке келе салысымен орынбасарларын ауыстырғаны туралы біз ақпарат жариялаған едік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары